Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлихан Смайылов шетелдік инвесторлармен Қазақстанда бірқатар жаңа жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады

Әлихан Смайылов шетелдік инвесторлармен Қазақстанда бірқатар жаңа жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Harmony Capital Strategy AMC, Citius Capital AG, Torkam Holding және Marsel Group компанияларының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен тұрғын үй және медициналық мекемелер құрылысы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, көлік инфрақұрылымын жақсарту және т.б. салалардағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. 

Әлихан Смайылов Үкімет елдегі іскерлік климатты жетілдіруге үлкен көңіл бөліп отырғанын және жаңа инвестициялық бастамаларға ашық екенін атап өтті. 

«Біз сіздердің Қазақстанда жобаларды жүзеге асыру бойынша ниеттеріңіз бен бастамаларыңызды құптаймыз», — деді Премьер-Министр.

Өз кезегінде делегация басшысы, Harmony Capital Strategy AMC негізін қалаушы және Citius Capital AG бас директоры Каспар Вонлич жоспарланған жобалар бойынша қазірдің өзінде бірқатар дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. 

«Біз жұмыс кездесулерін өткіздік, бірнеше рет аймақтарға бардық және Қазақстанда инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бойынша зор әлеует бар деп санаймыз», — деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға инвесторлармен ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін көтерілген барлық мәселелерді зерделеп, пысықтауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты