Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы биыл маусым айында ашылады деп жоспарлануда

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы биыл маусым айында ашылады деп жоспарлануда
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысын және елімізде өзге де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесу барысында Үкімет еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлетіні аталып өтті. Сондықтан Алматыда жаңа халықаралық терминал құрылысы сынды үлкен жобаны жүзеге асыру стартегиялық маңызға ие.  

«Оның ашылуы жолаушылар ағынын арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді деп күтеміз», — деді Әлихан Смайылов.

TAV Airports Holding басшысы жобаны іске асыру барысы жөнінде жаңа ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, бүгінде құрылыс жұмыстары 87%-ға аяқталған. Жаңа терминал биылғы маусымда ашылады деп жоспарланып отыр.  

Жалпы былтыр Алматы әуежайы жолаушылар ағынының рекордтық деңгейін тіркеді. Қолданыстағы терминал тек ішкі рейстерге ғана пайдаланылады. Бұл ретте екі терминалдың әлеуеті жылына 14 млн жолаушыға жетеді. Әуе айлағы арқылы жүк тасымалы көлемін 100 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланған.

Премьер-Министр Алматы әуежайы теміржол және автомобиль тасымалын қоса алғанда, толыққанды мультимодальды көлік-логистика хабы ретінде дамуы керек екенін атап өтті. Инвестор алдағы жоспарларында мұны ескеруі тиіс.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді