Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Eren Holding Қазақстанға инвестиция салу үшін әлеуетті жобаларды қарастырады

Eren Holding Қазақстанға инвестиция салу үшін әлеуетті жобаларды қарастырады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Eren Holding басшысы Ахмет Ерен  Қазақстан экономикасының түрлі салаларында жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Әлихан Смайылов Үкімет аталған холдингтің республика аумағындағы жобаларға инвестиция салу ниетін жоғары бағалайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде елімізде түрік капиталының қатысуымен 4 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Атап айтқанда, тау-кен металлургия кешені, инфрақұрылым, тамақ өнеркәсібі және фармацевтика сияқты салаларда жобалар іске қосылды.

«Екі ел арасындағы қалыптасқан орнықты сенім деңгейі мен ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылыс бізге жаңа перспективалар ашуға мүмкіндік береді», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы атап өткендей, бүгінде елімізде инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған және заманауи институционалдық орта қалыптасқан. Атап айтқанда, басым салалардағы жобаларды жүзеге асыру аясында кедендік төлемдерден босату, түрлі салық жеңілдіктері, салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктер және т.б. қарастырылған.

Өз кезегінде Ахмет Ерен тиісті инвестициялық шешімдер қабылдау үшін холдингтің Қазақстанда әлеуетті жобаларды зерделеуге дайын екенін айтты.

«Біз өндірісті кеңейтеміз және инвестициялық жаңа мүмкіндіктерді қарастырып жатырмыз. Бұл қағаз өндірісі, энергетика және тоқыма өнеркәсібі сияқты салалар болуы мүмкін. Біз тау-кен металлургия кешеніне де инвестиция салуға дайынбыз. Бұл ретте, жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік беретін технологиялар бар. Сондықтан инвестиция мәселелерін бірлесіп қарастырғымыз келеді», — деді Eren Holding басшысы.

Кездесу нәтижесінде Қазақстан аумағында әлеуетті инвестициялық жобалар пулын пысықтау және барлық өзекті мәселелер бойынша белсенді диалогты қолдау туралы келісімге қол жеткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді