Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлихан Смайылов пен NCOC компаниясының басшылығы Қашағанның даму жобаларын жүзеге асыру барысын талқылады

Әлихан Смайылов пен NCOC компаниясының басшылығы Қашағанның даму жобаларын жүзеге асыру барысын талқылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен North Caspian Operating Company N.V. басқарушы директоры Оливье Лазар, сондай-ақ Солтүстік Каспий жобасына қатысушы компаниялардың басшылары Қашаған мұнай-газ кен орнын игерудің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кеңеске қатысушылар Қазақстанның экологиялық заңнамасының нормаларын сақтау, ағымдағы өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз ету, Қашаған кен орнының болашақ кеңейту жобаларын іске асыру және өндіріс деңгейін ұлғайту жөніндегі шаралар, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру, атап айтқанда, газ өңдеу зауыттарын салу мәселелерін талқылады.

Премьер-Министр консорциум компаниялары Қазақстанда жұмыс істеген жылдары көптеген экономикалық және әлеуметтік міндетті шешуге қатысып, тиімді серіктестер ретінде танылғанын атап өтті.

«Үкімет Қашаған кен орнының тұрақты жұмысына және одан әрі игерілуіне ерекше назар аударады. Бұл – стратегиялық актив, сондықтан Қашаған кен орнының болашақ даму жобаларын уақытылы іске асыру біз үшін маңызды», — деді Әлихан Смайылов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлесіп жұмыс істеу және көзделген жоспарларға қол жеткізу аясында сындарлы диалогқа дайын екендерін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді