Алматылық тұрғын іш киіміне есірткі жасырған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері Әуезов ауданында жүргізген арнайы іс-шара барысында жас алматылықтан “мефедрон” есірткі затын тәркіледі.
Г.есімді азамат есірткі заттарын бетбелгі қою арқылы заңсыз сақтағаны және таратқаны үшін күдікті.
Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні өзі пайдалану үшін әлеуметтік желі арқылы сатып алған.
Күдіктінің жеке басын тінту кезінде оның іш киімінен ақ изолентаға оралған, ішінде ұнтақ тәрізді зат бар полиэтилен бума табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық психотроптық “мефедрон” есірткісі болып шықты. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.