Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда есірткі сатқан интернет-дүкеннің әкімшісі қолға түсті

Алматыда есірткі сатқан интернет-дүкеннің әкімшісі қолға түсті
Фото: polisia.kz

Алматыда есірткі сатқан интернет-дүкеннің әкімшісі қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласының есірткі қылмысымен күресушілер жедел және арнайы іс-шаралар барысында есірткі сатушыны анықтады. Ол 29 жастағы Г. есімді азамат, Алматы қаласының тұрғыны, интернет-дүкеннің әкімшісі болып жұмыс істейді.

– Біздің жедел деректеріміз бойынша, ер адам қосымша синтетикалық заттарды байланыссыз әдіспен сатумен айналысқан. Күдікті өз үйінің ауласында жүргізілген арнайы іс-шара нәтижесінде ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде ақ, қызғылт, жасыл және сұр түсті ұнтақ заты бар сегіз полиэтилен байламы, екі электронды таразы, орауыш қаптар, пневматикалық тапанша табылып, тәркіленді, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген шөптер мефедрон, альфа-PVP синтетикалық және психотроптық заттары болып шықты. Күдікті есірткіні интернет арқылы сатып алғанын айтқан.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелген.

Ұсталған азамат Алматы қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты