Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ер адам көпқабатты пәтерде есірткі зертханасын ұйымдастырған

Алматыда ер адам көпқабатты пәтерде есірткі зертханасын ұйымдастырған
Фото: polisia.kz

Алматыда 27 жастағы ер адам көпқабатты тұрғын үй кешенінде есірткі зертханасын ұйымдастырған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Синтетикалық есірткіні шығаратын зертхана Алматының Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің біріндегі екі бөлмелі пәтерде жұмыс істеп тұрған. 27 жастағы У.есімді азамат “синтетика” өндіру үшін тұрғын үйді арнайы жалға алғандығы белгілі болды.

– Тінту кезінде біздің бөлімше қызметкерлері медициналық шприцтер, қолғаптар, лакмус қағазы, жасыл түсті изолента, прекурсорлар мен тұз қышқылы бар ыдыстар, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар және синтетикалық психотроптық зат мефедрон өндірісінде қолданылатын басқа да құралдарды тәркіледі. Сондай-ақ дайын өнім – кристалдар түріндегі ақшыл түсті зат. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат жалпы салмағы 139,57 грамм альфа-PVP есірткі заты болып табылады. Сонымен қатар көк түсті изолентаға оралған, ақшыл ұнтақты зат, болжам бойынша мефедрон, бөлек оралған 15 және 6 бетбелгі тәркіленді. Пәтерден табылғанның бәрі: сұйықтық, кристалды және ұнтақ күйінде сот-химиялық сараптамаға жіберілді, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Айтпақшы, жас жігіттің бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Іске қатысы бар азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды