Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысына қатысы бар азаматты ұстады

Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысына қатысы бар азаматты ұстады
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысына қатысы бар азаматты “ізін суытпай” ұстады. Күдікті бұған дейін тонау қылмысы мен заңсыз қару сақтағаны үшін сотталған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент – Самара тас жолы бойында қомақты ақша бопсалап, автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні ұстады.

Күдікті бұған дейін тонау мен заңсыз қару сақтағаны үшін сотталған Түркістан қаласының 28 жастағы тұрғыны. Ол құрылыс жұмыстарымен айналысатын танысынан 1 миллион теңге көлемінде ақша бопсалап, оның BMW автокөлігін заңсыз иемденгені анықталды.

Қазіргі уақытта полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы, сондай-ақ ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты