Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің орынбасары Нидерланды елшісімен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің орынбасары Нидерланды елшісімен кездесу өткізді
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Вице-министр Талғат Ластаев Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Николас Якоб Схермерспен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу қазақстандық делегацияның «Global Gateway» инвестициялық форумына қатысу шеңберінде Бельгия Корольдігіне ресми сапары мен министр Марат Қарабаевтың Нидерландыға жұмыс сапары қарсаңында өтті. Кездесу барысында екі ел арасында көлік-логистика саласында бірлескен жобаларды іске асыруға зор мүмкіндіктері бар екендігі айтылды. Атап айтқанда, Талғат Ластаев Корольдіктің Транскаспий халықаралық көлік маршрутының әлеуетін арттыруға қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, ол министрдің Нидерландыға сапары барысында көлік дәлізінің мүмкіндіктері мен перспективаларын таныстыру жоспарлануы мүмкін екенін атап өтті.Сонымен қатар, тараптар Еуропадағы ең ірі терең су портының (Роттердам порты) тәжірибесін зерделеуге және қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде Нидерланды Корольдігінің басшылығымен екі мемлекет кәсіпкерлерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастыруға қызығушылық танытты.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниет білдіреді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады