Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Румынияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Румынияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова Румынияның Қазақстандағы елшісімен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесу барысында көлік саласында ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова Румынияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мадалина Лупумен кездесіп, тараптар өзара әріптестікті дамыту жолдарын қарастырды.

Айталық, Еуропамен көлік бағытында байланысты жақсарту мақсатында Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту мәселесі қаузалды.

Вице-министр ТХКБ-ның логистикалық қызметті жүзеге асыратын румыниялық компаниялар үшін де маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде М.Лупу осындай кездесудің ұйымдастырылғанына ризашылығын жеткізіп, екі елдің Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясындағы ынтымақтастығы өзара тиімді байланыстығ кепілі болып саналатынын айтты.

Кездесу соңында екі жақ алдағы уақытта инфрақұрылымдық жобаларды да бірлесіп іске асыруға мүдделі екендерін жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті