Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда бедеулік диагнозымен 21 мыңнан астам отбасылық жұп бар

Қазақстанда бедеулік диагнозымен 21 мыңнан астам отбасылық жұп бар
Фото: www.shutterstock.com

Қазақстанда әрбір алтыншы жұп бедеулікке шалдыққан, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

45-46 пайызы ер адамға қатысты

“Айқын” газетіне берген сұхбатында репродуктолог, І санатты акушер-ги­неколог Баян Дүйсенова бедеулікке түрлі жағдай се­беп болуы мүмкін екенін айтты. 

«Ерлі-зайыптылардың қабыну ау­руына шалдығуы, төсек қаты­на­сына ерте жастан түсуі, түсік жасату, туа­бітті ақаулар мен экологиялық ауыр жағдайлар да бедеулікке әкелуі мүмкін. Тіпті, оң жақта отырған қыз ба­л­алардың цикл бұзылыстарына да көңіл бөлу қажет. Дер кезінде маманға қаралып, сауатты шешімдер қабылдау – өз денсаулығына жауапкер­ші­лік­пен қарау дегенді білдіреді. «Тұрмысқа шыққан жоқ» деп қыздардың ги­некологқа бармауы да кері әсер ету­ші фактор. «Басың жас, әлі де кө­те­ресің» деп уақыт созуға да бол­май­ды. Ең басты ескеретін жайт – бе­деу­лік әйел адамға ғана қатысты емес, 45-46 пайызы ер адамға қатысты бо­­лады. Негізінде, бізге келген әр от­­ба­сының өз тарихы, өзіндік қиын­дығы болады. Шыны сол, қазақы мен­талитетіміз шығар, көбіне кінәні әйелден іздеуге бейімбіз. Шын мә­нін­де, мәселе екі жақтан да болуы мүм­кін, соны ескере бермейтініміз өкі­­­нішті», – дейді маман.

Жасанды ұрықтандыру

Әлеуметтанушы-ғалымдар Қа­зақ­станда сәби сүйе алмағандықтан, әрбір алтыншы отбасының ажырасып тынатынын алға тартып отыр. Әрине, жа­санды жолмен сәбилі болу про­це­дурасын кез келген отбасының қал­та­сы көтермей жатады. Жасанды ұрықтандыру қыз­ме­ті­нің орташа құны 1 миллион теңгенің ша­масында бағаланады екен. ЭКО жаса­ту­ға алғашқы талпыныстары сәтті шықпай, қолын сілтегендер  де бар. 

 «Аң­саған сәби» бағдарламасы жыл сайын ел бойынша 7 мың бүлдір­шіннің өмір есігін ашуына ықпал етуде.

Бағдарлама ая­сында ЭКО қызметін Қазақстандағы 19 ірі медициналық орталық әлеу­мет­тік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы көрсететінін атап өткен жөн.

50 жастан асқандар балалы бола ала ма

Баян Дүйсе­но­ваның ай­туын­ша,  50 жастан кейін тіп­ті ЭКО кө­мегімен балалы болу оқи­ғасы өте си­рек кездесетін құбы­лыс.

«Қазір әйел адамдардың арасын­да климакс «жа­сарып» барады. Егер бұрын кли­макс 44-58 жаста баста­латын болса, қа­зір ол 37-38 жаста-ақ тір­келіп жа­та­ды. Осындай құбы­лыс­пен бетпе-бет келген емделу­ші­лерім­нің арасын­да 29 жастағы әйел адам да бар», – дейді маман. 

Сондықтан да мамандар әйел­дер­ге де, ерлерге де денсаулығын жас­тайы­нан күтуге, дұрыс тамақтануға, са­­ламатты өмір салтын ұстануға, қан­­дай ма бір проблемалар туындаған жағ­дайда ертерек мамандардың кө­мегіне жүгінуге шақыруда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді