Қазақстанда әрбір алтыншы ерлі-зайыпты бедеуліктен зардап шегеді. Сонымен қатар, статистика да жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Алматыда Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығының XV халықаралық конгресінде репродуктолог Вячеслав Локшин айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
«Елімізде әр алтыншы отбасы бедеуліктен зардап шегеді. Оған экологияның нашарлығы, әйел мен еркек денсаулығының төмендігі себеп. Сондықтан да қазір экстракорпоралды ұрықтану (ЭКО) әдісіне сүйенетіндердің саны артып келеді. 2021 жылы ҚР Президентінің тапсырмасымен елімізде үш жылға арналған «Аңсаған сәби» бағдарламасы қабылданып, мемлекеттік квотаның саны жетіс есеге ұлғайтылған болатын», - деді ол.
Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин үш жылдық бағдарламаның нәтижесімен бөлісті: