Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде бірінші сынып оқушыларына тұмауға қарсы екпенің орнына өзге вакцина салынған

Ақтөбе маңындағы Рауан елдімекенінде мектептен шу шықты. Бірінші сыныпта оқитын 42 балаға тұмауға қарсы екпенің орнына өзге вакцина салынған. Оқушылардың қолдары ісіп, іріңдеп кеткен. Бірнеше бала қызуы көтеріліп ауырып қалған, деп хабарлайды Qazaqstan ұлттық арнасы. 

Телеарнаның хабарлауынша, екпе екі апта бұрын салынған. Содан бері балалардың барлығында дерлік кері әсері байқала бастапты. Тіпті кейбірінің қолы іріңдеп, білегін көтере алмай қалған. Ал ақ халаттылар өз қателігін жасыруға тырысып келген. "Балалардың барлығының қолдары іріңдеп, іріп кеткен. Қаншасында температура көтерілді. "Медикус" та бақылау жасамаған. Бас тартқанның өзінде қызыма, немереме екпе салып кетіпті. Сондай жағдайлар бар. Оны тексеру керек, кім кінәлі екенін, мен сол адамды тапқым келеді", - дейді Самат Өскенбаев есімді ата-ана.

Телеарна тілшісінің мәліметінше, ата-аналар мектеп басшылығы мен дәрігерлерден жағдайды түсіндіруді талап еткен. Олар туберкулезге қарсы вакцина 6-7 жасар балғындардың ағзасына кері әсер ете ме деп алаңдайды. Тіпті өкпе құрты ауруына ұшыратуы немесе болашақта бедеулікке әкелуі кәдік деп қорқып отыр. "Ауырып жатқан 3 баланың қызуы түспей жатыр. Балаларымыздың денсаулығы үшін қай жерге апарады, шет елге апара ма, астанаға апара ма, балаларымыздың денсаулығын қалыпқа келтіруді қолға алу керек", - дейді тағы бір ата-ана. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірген.

Мамандар балалардың туберкулезбен ауруы мүмкін емес деп нақты айта алмауда. Демек, алаңдауға негіз бар. Жауапты азаматтар оқушылардың барлығы күнделікті дәрігерлік бақылауда болатынына сендірді.

"Манту тек сынама ретінде қойылатын. БЦЖ ол вакцина, оны шынына келгенде ауыстырмау керек. Бірақ сол егілетін жері ауысып кетіп тұр. Сондай жағымсыз жағдай орын алып тұр енді. Балаларда бір ақаулар туындаған жағдайда барлық диагностикалық зерттеулер "Медикус центр" орталығында жүргізіледі. Дәмеленіп тұрғанымыз – барлық 42 баланың бәрінде отбасыларында туберкулез ауруы жоқ", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева.

Телеарнаның хабарлауынша, даудың ортасында қалған мектепке басқа дәрігерлер келген. Ата-аналар балаларының толық медициналық тексерістен өткізілуін, кепілдік беруін талап етіп отыр. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді