2020 жылғы 06 қаңтар күні сағат 12-30-да аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер – Д.Кузиев, А.Иманбековтың Іле ауданы, Казцик ауылы, «Фирма Бент» ЖШС жұмысшыларымен кездесуі өткізілді.
Бұл шараға «Фирма Бент» ЖШС жұмысшылары, барлығы 25 адам қатысты. Кездесу барысында сөз алған үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктері, соның ішінде өндіріс, шағын және орта бизнес, жастарды кәсіпке тарту мәселелері бойынша алдағы атқарылатын жұмыстар, сондай-ақ өзекті проблемаларды шешу жоспары партияның сайлауалды бағдарламасында нақты көрсетілгені жайлы түсіндірілді.
«Фирма Бент» ЖШС жұмысшылары елдің жарқын болашағы үшін бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, қолдау көрсетеміз деген тілектерін білдірді.
Nur Otan» партиясы Алматы облысы Іле ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.