Іле аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Иманбеков Айдын Мақпырұлы ауданымызда өз істерін дөңгелетіп жүргізіп отырған жас кәсіпкерлермен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасымен таныстырып алдағы уақытта жастарды, жас білімді мамандарды қолдау шаралары мен жоспарлары туралы сұхбат құрып, ой пікірлерімен бөлісті.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы өз мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі білімді жас ұрпақ. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім», - деп ұлы жазушымыз М. Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында осы жастар тұрады. Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!
Айдын Мақпырұлы кездесуде сайлауалды бағдарламадағы орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға қатысты басымдыққа кеңінен тоқталды. Шағын және орта бизнесті дамыту – аймақ экономикасының өсуінің резервтерінің бірі болып табылады. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті.
Партия тек көп зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалпына келтіруге ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану және Атамекен ҰКП-мен ынтымақтастық арқылы жаңа жағдай құруға ықпал етеді. 2025 жылға дейін кәсіпкерлікті дамыту үшін индустриалды аймақтарды құру жоспарланып отыр. Шағын және орта бизнес нысандарын арттыру көзделіп отырғандығын айтып, жастарды 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Жас кәсіпкерлер алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге дайын екендерін білдірді.
«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Іле ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.