Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Nur Otan: Іле ауданында Интернет жұмысы жақсарады

2020 жылғы 29 желтоқсан күні Республикалық сайлауалды штаб мүшелері – А.Мұқибек, Г.С.Құраметова, К.Е. Сұлтанғазиев, А.Ф.Сулейменовтің Іле ауданы, Қараой ауылы, Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесуі өткізілді. Кездесуге аудандық сайлауалды штаб мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлер, ауыл тұрғындары, БАҚ өкілдері, барлығы 30 адам қатысты. 

Алғашқы сөз кезегін алған Республикалық сайлауалды штаб мүшесі, «Nur Otan» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауының консультанты, қоғам қайраткері Мұқибек Ауыт еліміздегі атқарылып жатқан ауқымды шаралардың жүзеге асырылуына, ондағы «Nur Otan» партиясының рөліне қысқаша тоқталды. Сонымен қатар, Ауыт Мұқибек ағамыз қандастардың еліміздегі көші-қон мәселесінің оң шешілуіне үлкен үлес қосқаны, елге оралып, Президентіміз Қ.Тоқаевпен кездесіп, көптеген қандастарға қатысты өзекті мәселелердің оң шешілуіне ықпал еткені, еліміздегі жеткен жетістіктер, салынып жатқан жолдар, алып құрылыстар жайлы айтты.


 
Сұлтанғазиев Қуат Елеусізұлы өз сөзінде ауыл шаруашылығындағы оң өзгерістер, ауыл шаруашылығын көтеру үшін несиелер бөлініп отырғаны жайлы айтты.

Сүлейменов Асқар Фазылұлы облысымыздағы жетістіктерге тоқталып, 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Іле аудандық сайлауалды штаб мүшелері Тұрымбетов Е.С. Қараой ауылының әлеуметтік даму көрсеткіштері, салынған мектептер, аурухана т.б. жайлы айтса, Исаев Ә.Ә. еліміздің тыныштығы, елдің бірлігі басты назарда екендігі және тұрғындарды солтүстік аудандарға көшіру мәселесін қолға алу керектігі жайлы тілегін білдірді.


 
Абилова Р.М. ауданда проблемалардың жылдан-жылға жоспарлы түрде шешіліп жатқаны, бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, ауданымыздың дамуына оң ықпал етіп отырғаны жайлы айтып, 10 қаңтар күні сайлау учаскесіне келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.

Кездесу барысында ауыл тұрғыны А.Бердықұлова жаңа салынған ықшамауданда, ауылда интернет желісі нашар, балалардың сабақ оқуына қиындық келтіретіні жайлы мәселе көтерді. Бұл мәселе бойынша штаб мүшесі Е.Тұрымбетов антенна орнату үшін жер телімі бөлініп, техникалық құжаттары әзірленіп жатқаны, келесі жылы жаңа антенна іске қосылса, интернет желісінің жұмысы жақсаратынын айтты.


 
Ауыл тұрғыны Б.Әуелтай Қосөзен ауылындағы жаңа ықшамауданда электр желісін тарту мәселесін айтты. Қосөзен ауылындағы жаңа ықшамаудан бойынша 5 млн 505 мың теңгеге жобалау жұмыстары жүргізілді, 2021 жылы қаражат аударылған соң, жасалатыны жайлы түсініктеме берілді.

Ауыл тұрғыны Ж.Сұлтанбаева республикалық штаб мүшелерінің жұмысына сәттілік тіледі және ауыл тұрғындары атынан «Nur Otan» партиясына дауыс беретіні жайлы айтты.



«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Іле ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты