Жетісу облысында учаскелік полицей мас күйде көлік ұрлаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Талдықорған қаласының 34 жастағы тұрғыны көлік ұрлағаны, сондай-ақ алкогольдік мас күйінде көлікті басқарғаны үшін жазаға тартылады.
Ер адамды Кербұлақ ауданында ауылдық учаскелік полицей ұстады, оған Көксу ауылының 68 жастағы зейнеткері Mercedes-Benz көлігінің ұрланғаны туралы хабарлаған. Көлік иесі Талдықорғаннан қонаққа келген өгей баласы көлікті ұрлауы мүмкін деп күдіктенген. Жәбірленушінің күдігі туысы болып шыққан күдікті ұсталғаннан кейін расталды.
Қазақстан АӨК саласындағы импортқа тәуелділікті азайту үшін 202 инвестициялық жобаны іске қосады Ұлттық жоба: өңірлерде алғашқы жобалар іске қосылды– Медициналық куәландыру көлік жүргізушісінде алкогольдік мас күйдің орташа дәрежесін анықтады.
Қазір ұсталған адам ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша көлік ұрлығын жасағаны және ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Кербұлақ АПБ бастығы Ербол Ахметқалиев.
Осы жылы өңірдің автожолдарында полиция мас күйде көлік құралдарын басқарған 340-тан астам көлік жүргізушісін ұстады. Құқық бұзушылыққа қайта жол бергендері үшін олардың 34 қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жауапқа тартылды.