«Бала Қажымұқан». Шымкентте күш атасы Қажымұқан бабамыздың ізбасарларын іздеу мақсатында еркін күрестен Республикалық турнир өтті.
Бұл турнирге еліміз бойынша шойын білекті арыстан жүректі жастар жиналған. Турнир 2008-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өтті. 85-100 келі салмақта мықтылар анықталды. Түрнирдің басты мақсаты ауыр салмақтағы палуандарды іріктеу-дейді жарысты ұйымдастырушы Бақытжан Ибрагимов.
Халықаралық еркін күрес ережесіне сай өткен жарыстың бір ерекшелігі турнир соңында түйе палуандар сайысы болды. Екі салмақта оза шапқандар салмаққа қарамай өзара тағы белдесті. Жарысқа жалпы 20 дан астам палуандар келген. Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан жас палуандар келген. Бұл турнирге көршілес Өзбекстаннанда білекті балалар келіпті.
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орындар өбекстандық палуан Ұлықбек Пардабаев пен Алматы қаласынан келген Абылай Берікқұлға бұйырды. Екінші жүлдені Қызылорда облысынан келген Риза Изахар жеңіп алды. Бірінші орынды Алматы қаласынан келген Али Құрманбек еншіледі. Ал бұл турнирде қарсылас шақ келтірмеген алматылық Бибарыс Ерғали түйе палуан атанды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл күш атасы Қажымұқанның дүниеге келгеніне 152 жыл. Осыған орай балуанның ізін жалғастырушылар арасында еліміздің барлық аймақтарында сайыстар өтті. Жуырда Астана қаласында "Қажымұқан жолы" турнирі ұйыидастырылған еді, оған қатысушылар Қажымұқан белбеуі үшін күштік тәртіпте күреске түскен болатын. Елорда әкімдігінің мәліметінше, "Қажымұқан жолы" ұлттық спорттық жобасының авторы және бастамашысы – атақты палуан және Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цырульников.
19-12-2023, 23:50
Шымкентте алыптар сайысы өтті
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз