Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир аяқталды

Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир аяқталды
Фото: ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан өткен халықаралық турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қытай Халық Республикасының атынан құрамында 177 былғары қолғап шебері бар 25 команда қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Қарулы күштерде қазақ халқының даңқты ұлы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Еске алу шаралары батырдың туған жері Ақкөл қаласында, Құрлық әскерлерінің әскери институтында, астаналық әскери колледжде және басқа гарнизондарда өтті. Ал бүгінгі турнирдің халықаралық мәртебесін ерекше атап өтуге болады, – деді Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев.

Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы подполковник Арман Әбеуов атап өткендей, қазақ халқының даңқты ұлы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу турнирінде еліміздің ең мықты боксшылары іріктеуден өтіп, үздіктердің үздігін жеңуде.

– Осындай жарыстардың арқасында халықаралық тәжірибе жинақтап, жаңа есімдер анықталады, – деп толықтырды подполковник Арман Әбеуов.

Турнир қорытындысы бойынша 48 келі салмақта Женіш Ұлпатов (Қырғызстан), 51 келіде Даниял Сәбитов (Батыс Қазақстан облысы), 54 келіде Дамир Әбдіқадыр (Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубы), 57 келіде Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы), 60 келіде Бейбарыс Жексен (Жамбыл облысы), 63,5 келіде Сұлтан Мусинов (Ақмола облысы) жеңімпаз болса, 67 келіге дейінгі салмақта Ділмұрат Мижитов (Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубы), 71 кг – Дархан Дүйсебай (Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубы), 75 кг – Аятулла Тәкіжанов (Павлодар облысы), 80 кг – Ерасыл Жақпеков (Абай облысы), 86 кг – Шаймұрат Құсайынов (Павлодар облысы), 92 кг – Асан Резбек (ҚХР), 92 келіден астам салмақта Абдурашит Рамела (ҚХР) ұтып, сайыс чемпиондары атанды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады