Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз


Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония астанасында өтетін Токио-2020 Олимпиадасына алғашқы іріктеу сайысы болатындығымен ерекшеленеді, деп хабарлайды баспасөз қызметі UWW World Championships 2019.


Әлем чемпионатында Олимпиадалық ойындарға жолдама алу үшін елордалық «Барыс Арена» мұз сарайында 100 елдің 993 мықты палуаны күш сынасады.


Мұндай ауқымды спорттық іс-шара спорт қауымдастығында үлкен қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, чемпионатқа 200-ге жуық БАҚ өкілдері тіркеліп, жанкүйерлер 7000-нан астам билеттерді сатып алды.


Мәртебелі меймандар арасында UFC ауыр салмақтағы чемпионы Дэниель Кормьенің, сондай-ақ Халықаралық Олимпиада комитетінің басшылығының келуі күтілуде. Чемпионатқа қатысушылар арасында да көптеген жұлдызды спортшылар бар. Еркін күрес өкілдері арасында 97 келі салмақтағы ресейлік «Танк» Абдулрашид Садулаев пен америкалық Кайл Снайдер арасындағы ымырасыз белдесуі ең көп күткен тартыс деп санауға болады. Сондай-ақ, италиялық Франк Чамизо мен американдық палуан Джордан Барроуздың арасындағы айқын қақтығыс болатыны күтілуде. 


Үш дүркін Олимпиада чемпионы, грек-рим күресі бойынша кубалық Михайн Лопез Нұр-Сұлтанға Олимпиада жолдамасын жеңіп алу үшін және төрт олимпиадалық алтынды жеңіп алған ерлер мен әйелдер арасындағы алғашқы және жалғыз палуан жапондық Каори Ичоға теңестіру үшін келеді.


«Алда жауапты ic-шара, біз оған толығымен дайынбыз. Алдымызда қойылған өршіл мақсат - күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізу. Қазақстандық балуандарға келер болсақ, бірнеше күн бұрын 65 келі, 86 келі, 92 келі және 125 келі салмақтарында еркін күрес шеберлері арасында қорытынды белдесулері өткізілді. Осы салмақтарда екі үміткерден болды. Алайда, ұлттық құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев және кеңес-жаттықтырушы Маирбек Юсупов басқаратын жаттықтырушылар штабымен екі жеңіске жеткен, әділ таңдау нәтижесі бойынша, әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын ұлттық құраманың ақтық құрамы анықталды. Мен батырларымызды осымен құттықтағым келеді. Жаттықтырушылар құрамы өзінің жоғары біліктілігіне сай, палуандарымызды дұрыс функционалды, физикалық және моральдық-психологиялық күйде әлем чемпионатына жеткізуіне үміт артып, балуандарымыздың сапалы және әдемі өнер көрсететіне сенімдіміз», - деді Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ерлан Қожасбай.


 Айта кетейік, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты Қазақстан астанасында 14-22 қыркүйек аралығында өтеді.

Иллюстрациялық сурет: InsideSport
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді