Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ересектер мен жастар арасында жамбы атудан федерация кубогі өтті

Ересектер мен жастар арасында жамбы атудан федерация кубогі өтті
Фото: Егемен Қазақстан

Шымкентте Жамбы атудан ересектер мен жастар арасында федерация кубогі өтті. Мергендер бәсекесіне еліміздің барлық аймағынан 42 жамбы атушы қатысып, өзара бақ сынасты.

Үш күнге созылған ат додасын Қазақстан республикасының Туризм және спорт министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы, Республикалық жамбы ату федерациясы ұйымдастырды. Бұл қыстық маусымда ұйымдастырылып отырған тұңғыш «Федерация кубогі». 

"Сұрмергендер сайысы 4 стиль бойынша өтті.  Қатысушылар қазақ стилі, түрік стилі, корей стилі, мажар стилінде шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаз бен жүлдегерлер артынан «Тайтұяққа» таласты. Жамбы ату – халқымыздың атадан балаға мұра болып келе жатқан төл спорты. Бұған дейін спорттың бұл түріне ерлер мен қыздар бірге қатысып келген. Бұл жолы ұйымдастырушылар қыздар құрамасын ерекше бөліп, «Томирис» жүлдесін шығарды",-деп атап өтті Жамбы ату федерациясының президенті Еркебұлан Ілиясов. 

Турнир қорытындысы бойынша Мөлдір Бердіке «Томирис» номинациясымен марапатталды. Мергендердің арасынан түркістандық Айтбек Сарыбай ат қылына байланған тайтұяққа жебесін дәл тигізіп, 600 000 мың теңгені иемденді. Сондай-ақ чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жалпы жамбы ату федерациясы тағайындаған 3 000 000 теңге жүлде қоры табысталды. Айта кетейік, алдағы уақытта Шымкентте Жамбы ату академиясы ашылып, ұлттық спорттың осы түрі бойынша сериал түсірілмек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді