Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: Жастар фантаст жазушымен кездесу өткізді

Шымкент: Жастар фантаст жазушымен кездесу өткізді
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласының жастары Тәуелсіздік мерекесі аясында белгілі жазушы Сарманбай Исақовпен кездесу өткізді. Табиғат ғажайыптары, тылсым құбылыс  дәл осы бағытта 50-ге жуық жазбасы бар фантаст  жазушы шара барысында көптеген құнды дүниелермен бөлісті. 

Кездесуде жазушының өткен өмірі баяндалып,табиғи апаттардың алдын-алу, қоршаған ортаны қорғау туралы жастармен дискуссия өрбіді.
Қазіргі қазақ прозасындағы фантастика жанрының айтулы шеберлерінің бірі – Сарманбай Исақ. ХХІ ғасырда шынайы ғылымды жаңа белестерге көтеретін тосын, керемет, ғылыми идеяға бай фантастикалық шығарма жазумен айналысады. Сондықтан болар, Қазақстанда фантаст жазушылар саусақпен санарлықтай.,ғылыми ойы болмаса бұл жанрға қалам тербеуге кез-келгеннің жүрегі дауаламайды дейді жазушы.

Шарада жазушының жеткен жетістіктері, өткен өмірі баяндалды. Сондай-ақ жазушының «Тұлдыр тағдыр» атты ғылыми-фантастикалық романы әңгімеленді.Қазіргі таңда аталмыш шығарма орыс тіліне аударылып, «Рок» деген атаумен жарыққа шықан. Жалпы, фантастикалық қисынды ғылыми элементтерді шығармаға негіз етіп алу асқан шеберліктің белгісі дейді оқырмандар. Бұрын-соңды оқырмандарға, тіпті, ғалымдардың ойларына келмейтін адамзатқа пайдасын тигізетін идеялардың қайдан келетіні тек фантаст жазушыларға мәлім . Алдағы уақытта жазушы атом, сутегі бомбаларының зияны мен зардабы тақырыбында фантастикалық әңгімелер жазуды жоспарлап отыр.
Жобаға қатысушы жас белсенділер осындай рухани кеш турасында да өз пікірлерімен де бөлісті.

⁠Жастар қай заманда болмасын елдің болашағы саналады. Өйткені олар келешекте қоғамның басқару билігін алады, мақсаттарға сүйенген басымдығы мол шешімдерді қабылдау арқылы өз ойларын жүзеге асырады. Осы тұста теледидардағы ток-шоулар мен сериалдар көріп өскен, заманауи бұқаралық мәдениеттің элементтерін тиімсіз қолданатын, интернет пен әлеуметтік желілерде уақытын босқа өткізетін жастар мемлекеттің, аймақтың әлеуметтік-саяси ахуалына ықпал ете ала ма деген сұрақтың туындауы заңды.Бүгінгі жастардың рухани-адамгер­шілік жағдайы бүкіл қоғамды алаңдатуы қажет. Тек жастар ғана емес, кейбір қоғам мүшелерінің рухани жұтаңдауы, құлазушылығы байқалып отыр. Отбасы, орта мектеп пен жоғары мектеп, қоғам, мемлекет және оның институттары, азаматтық қоғам институттары рухани және адамгершілік құндылықтарға ерекше мән беруі тиіс. Нарықтық заманда өмірге материалистік қатынас қажет, бірақ, материалдық құндылықтар ізінде рухани-адамгершілік ұстанымдарды ұмы­­тып бара жатырмыз,- дейді олар.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді