Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте экобелсенділер конференциясы өтті

Шымкентте экобелсенділер конференциясы өтті
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласының тұрақты дамуы мен қала тұрғындарының қауіпсіз тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында «Экологиялық дағдарыс және оны шешу жолдары» тақырыбында конференция өтті. Жиын аясында экосарапшылар тұрмыстық қалдықтарды өңдеумен қатар ауаның ластануын азайту бағытындағы  түрлі жобаларды  ұсынды. 


Қоқыс, ауаның ластануы, жаһандық жылыну.  Экологтар мен экосарапшылар дабыл қаққан  негізгі тақырыптардың бірі осы болды. Конференцияда экобелсенділер жыл өткен сайын жер бетін басқан қоқыс мәселесіне ерекше назар аударып, алдын-алу бағытында ерікті жастардың  зерттеу жобаларымен  танысты.


Шымкент  қаласында  экожүйеге  қызыққан жастардың саны күн санап  артып келеді,- дейді мамандар.  Қазіргі таңда дәл осы бағытта  қала аумағында 200-ге жуық ерікті тіркеліп белсенді болып жүр екен. 2019 жылдан бері қоршаған ортаға жанашырлық танытып экобелсенді атанып жүрген,  Голярко Владислав қазіргі таңда экокәсіппен айналысады. Яғни шикізаттарды  жинап, қайта өңдейтін арнайы  зауытқа өткізеді.Сондай-ақ арнайы  экодүкен де ашқан. Алдағы уақытта табиғат жанашыры мұндай дүкен зауыттарды қала аумағында  көбейтуді жоспарлап отыр. Ауқымды шарада экологиялық мәселелерден бөлек экологиялық кітаптар да келушілер назарына ұсынылды. Тақырыпқа  қызыққан жастар спикерлерге өз  сұрақтарын жолдап түрлі эко ұйымдардың жұмысымен жақынырақ танысты. Шымкент сияқты мегаполис үшін аталмыш тақырып өзекті. Сондықтан, қала жастарының бұл бағыттағы жұмыстары жандана түспек.  

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады