Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы саласында инвестиция көлемі артып келеді

Ауыл шаруашылығы саласында инвестиция көлемі артып келеді
Фото: pixabay.com

Биылғы жылы 13 млрд.теңгеге 16 инвестициялық жоба жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда 11 айдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы бағытына 13 млрд теңге инвестиция тартылып,  13 жоба жүзеге асырылды.  Сонымен қатар 181 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қала аумағында  3 сүтті қайта өңдеу кәсіпоры, 4 мал бордақылау алаңы және 3 тауарлы сүт фермасы, 1 жеміс көкөніс қайта өңдеу, 2 жылыжай кешені ашылған. Олар -  «Нұрсұлтан» ЖШС, «Golden cheese» ЖШС, «Izmir trade» ЖШС,  «Алданғаров» ЖШС, «Эгамназаров» ЖШС,   «Райым ата» КШ, «Исаев Д», КШ «NN Agro», ЖК «Татьяна», «Атакай» ӘК, «Шадимат» КҚ, «Алан и Компания» ЖШС, «Отан агро» ЖШС.

Сонымен қатар, былтырғы жылдан бастап кластерлік жобаларды жүзеге асыру қолға алынып, 5 ауданның шаруашылықтарын және шағын отбасылық шаруашылықпен айналысатын тұрғындардың басын қосып 15 семинар өткізілді. Ондағы мақсат - қала аумағындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру, қала аумағындағы  ірі кәсіпорындарды тиісті өніммен қамтамасыз ету болып отыр.

Өткізілген семинарлар мен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде бірқатар кластерлік жобалар жүзеге асырылды. Енді осы бағыттарға мемлекет тарапынан бірнеше қолдаулар мен жеңілдіктер берілуде. Басқарма тарапынан АӨК субьектілері инвестициялық салымдарды қандай да бір жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған жағдайда кеткен шығынның 25-30% субсидияланады. Қайта өңдеуші кәсіпорындар сүтті қайта өңдеп, сары май өндірсе жұмсалған шикізаттың литрына 18 тг,  қатты ірімшік жұмсауға кеткен шикізаттың литрына 28 теңге субсидияланады.

Ауыл шаруашылығы мақсаты бойынша қаржы ұйымдардан алынған қарыз шарттары бойынша 10-11% аралығында сыйақысы субсидияланады. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағдарламасымен сатып алынған асыл тұқымды малға, селекциялық асылдандыру жұмыстарына, өндірілген өнімге және жем-шөп шығындарының бір бөлігін өтеуге бекітілген нормативтер аясында субсидиялар төленді.

Атап өтетін жайт өтінімді үйде отырып ақ, электронды нұсқада  «Gosagro@minagri.gov.kz» және «subsidy.plem.kz» порталы арқылы жолдауға болады. Бұл тетік агросектор өкілдеріне өте қолайлы.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді