Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында тәлімгерлік бағдарламаға қатысып, сәтті аяқтаған кәсіпкер қыз-келінщшектерге көптен күткен сертификаттары табысталды. Олар Палата жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы аясында тәлімгерлерден білім алып, бизнес жүргізудің қыр-сырын меңгеріп шықты.
Қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев нәзік жандыларды арнайы құттықтап, жылы лебізін білдірді:
Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Айдана Бейсебекованың айтуынша, қазіргі таңда қыз-келіншектер отбасына ұйтқысы болумен қатар заман ағымымен ілесіп, іскерлікпен де айналысып жатыр. Жиын барысында тәлімгер Анар Сәрсенова да өз пікірімен бөлісті.
«Сіздермен бірге жұмыс істескенімен өте қуаныштымын. Бірнеше ай бойы бірге болдық, сенімдеріңізге алғыс айтамын. Осы уақыт аралығында тек проблемалы тұстарды ғана емес, қуанышты сәттеріңізді де бөлістіңіздер. Сіздерге пайдам тиді деп сенемін. Қазірдің өзінде қол жеткізген нәтижелеріңіз аз емес, енді алдағы уақытта бұдан да дами түсулеріңізге тілектеспін, бизнестеріңізге даму, отбасыларыңызға амандық, молшылық тілеймін!» – деді тәлімгер Анар Сәрсенова.
Жиын соңында кәсіпкер қыз-келіншектерге сертификаттары салтанатты түрде табыс етілді. Айта кетейік, тәлімгерлік бағдарлама «Мен кәсіпкер» құралы аясында жыл бойы жүреді. Тәлімгерлік тәлімгер мен оның қамқоршысының ұзақ мерзімді бірлескен жұмысын немесе белгілі бір мәселені шешуге бағытталған қысқа кездесулер сериясын білдіреді. Жалпы білім алмасу процесі - қазіргі уақытта шешуге тырысатын белгілі бір мәселелерді талқылау арқылы жүзеге асады. Бүгінде елімізде кәсіпкерлікті қолдауға арналған түрлі бағдарламалар қарқынды жұмыс істеп,өзіндік жемісін беріп келеді. Президент Жолдауында айтылған тапсырма негізінде аталмыш салаға ерекше екпін беріліп отыр.