Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкенттегі №89 ІТ мектеп-лицейінің ұжымымен кездесу өтті

Шымкенттегі №89 ІТ мектеп-лицейінің ұжымымен кездесу өтті
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Шымкент қаласының білім басқармасының «№89 ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барды. 

Онда ол бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, олардың қалжағдайларымен және ұстаздардың мектепте атқарып жатқан үлгілі жұмыстарымен танысып, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының жыл бойында атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, Қазақстан кәсіподақтары қозғалысындағы оңды істерімен таныстырып, еңбек қатынастарына қатысты мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға жауап берді.

Жалпы мектеп ұжымында жұмыс жасайтын 268 адам, оның ішінде 220 педагогтар мен 48 техникалық, кіші қызметкерлер өз қалауларымен 2023 жылдың наурыз айында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамына кәсіподақ мүшесі болып кірген.

Кездесу соңындағы қорытынды жиында осы білім мекемесінде өткізілгелі отырған Шымкент қалалық білім басқармасының тәрбие жөніндегі семинарының қатысушыларын және «№89 ІТ мектеп-лицейінің мұғалімдерін «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, Шымкент қаласының білім мен тәрбие саласына және кәсіподақтар қозғалысына қосқан үлестері үшін, білім мекемесінің бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелері «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларымен марапатталды.
Атап айтқанда: №89 ІТ мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Лаззат Тахирханқызы Камалхановаға филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісі, мектеп-лицейдің мұғалімдері Айнұр Әшірханқызы Тұрарбековаға, Айнұр Сәулебекқызы Әшеноваға, Гүлханыс Жарылқасынқызы Сәндібековаға филиалдың «Құрмет грамоталары» және Ләззат Түймебайқызы Смадияроваға, Заңғар Сапарханұлы Сағитәліге, Бектұрсын Сәбитұлы Әлишериевке филиалдың «Алғыс хаттары» табысталды.
Мерекелік марапатау іс-шарасының соңында мектеп-лицейдің директоры Қасымбай Өмірбекұлы Атабаев қалалық семинарға қатысушыларды және ұжым мүшелерін атаулы мерекелерімен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағының жұмыстарына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.

Жиын соңы мектеп-лицейдің оқушыларымен дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты