Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері уақ малдарды ұрлаған күдіктілерді ұстады

Түркістан облысының полицейлері уақ малдарды ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын үйінің ауласында орналасқан қорасынан өзінің үш бас уақ малын белгісіз біреудің ұрлап кеткені туралы арызданған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 150 мың теңге. Аталған дерек ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Полиция қызметкерлері ақпарат алысымен оқиға орнына жедел жетті. Орын алған мал ұрлығы қылмыстарын ашу, күдіктілерді ұстау мақсатында тәртіп сақшылары қарқынды қызмет атқарды. Мал таситын көліктерді, мал базарларды мұқият тексеріп шықты. Полиция қызметкерлері көрген-білген куәлардан жауап алды. Жүргізілген тыңғылықты іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, мал ұрлығына қатысы бар күдіктілердің жеке басы анықталды. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын мен ордабасылық ер адам ұсталды. Қазіргі таңда күдікті азаматтардың басқа да қылмыстарға қатыстылықтары анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті ер адамдар алдын ала сөз байласу арқылы ұрлық жасаған. Яғни түнгі уақытта ауыл шырт ұйқыға кеткен сәтті пайдаланған күдіктілер үй ауласындағы қора ішіне кіріп, үш бас қойды алып шыққан. Содан соң күдіктінің бірінің басқаруындағы автокөлікке салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ал қойларды ауыл тұрғынының біріне сатып жіберген. Осылайша оңай жолмен келген ақшаны өзара бөлісіп, бас пайдасының қажеттіліктеріне жұмсаған.

Полицейлер облыс тұрғындарына ескертеді: қора-қопсыны мықтап қоршап, бекітіп, малды жайылымға жіберер кезде сенімді адамға немесе бақташыға тапсырыңыз! Оларды дер кезінде таңбалап, сырғалаңыз! Ұрының сіздің салғырттығыңызды пайдаланып, малыңызды иемденіп кетуіне мүмкіндік бермеңіз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды