Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Жер аманаты» комиссиясының бастамасымен интерактивті карта әзірленді

«Жер аманаты» комиссиясының бастамасымен интерактивті карта әзірленді
Фото: ашық дереккөзден

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының бастамасымен jerkarta.gharysh.kz геосервисі іске қосылды. Аталған сервис мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелеріне мониторинг жүргізуге, оның қайда орналасқанын, контурын анықтауға, сондай-ақ ауданы мен меншік иесі немесе жер пайдаланушысы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Интерактивті картаны Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірледі.

Президент тапсырмасына сәйкес, елімізде пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр.

Осы жұмыстың жүйелі іске асырылуына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында «AMANAT» партиясы жанынан республикалық және өңірлік «Жер аманаты» комиссиялары құрылды.

Бүгінде пайдаланылмай жатқан 5,2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 3 млн гектардан астамы «Жер аманаты» комиссиясының араласуымен қайтарылды.


Былтыр желтоқсанда партиялықтар әрбір ауылдық елді мекендегі жайылым тапшылығын және мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің тізбесін көрсететін интерактивті карта әзірлеуді ұсынды.

Комиссияның «жедел желісіне» тұрғындар тарапынан 2,5 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның барлығы жергілікті әкімдіктермен және бейінді министрлікпен бірлесіп мұқият қаралды.

Барлық заң бұзу фактілері туралы 8 800 080 44 41 телефонына хабарлауға болады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмір бойынша қабылданады.

«Жер аманаты» комиссиясының жұмысы жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді