Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: "Фосфоршылар сарайы" қала меншігіне қайтарылды

Шымкент:
Фото: pixabay.com

Ұзақ  жылдан бері шешімін таппай, қараусыз қалған бұрынғы «Фосфоршылар сарайы» қала меншігіне өтті. Жуық арада бұл аумақта реновациялау жұмыстары басталады. Бұл туралы Орталық  коммуникациялар қызметі алаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 5 аудан тұрғындарымен кездесіп, көпшілік тарапынан көтерілген өзекті мәселелермен таныстым. Халықты толғандыратын  әрбір  сұрақты бақылауға қойып, жоспарға енгіздік. Түйткілді мәселені дер кезінде шешіп, жұртшылықпен кері байланысты күшейту мақсатында қабылданған шешімдерді ашық түрде жариялап отырмыз», – деді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбков.

Қала басшысының сөзінше, тұрғындар және қоғам белсенділерімен кездесу барысында заңсыз берілген жерлер мен ғимараттар жөнінде мәселе жиі көтеріледі. Көпшіліктің ұсынысын ескеріп, заңсыз берілген жерлер мен жекешелендірілген мемлекеттік активтерді қарау жөнінде жұмыс тобы құрылған. 

Құрамында құқық қорғау органдары, аумақтық департаменттер мен қоғамдық кеңес өкілдері бар. Нәтижесінде, қала әкімінің тапсырмасымен қалалық прокуратура мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, ғимаратты қаланың коммуналдық меншігіне тез арада  қабылдау  бойынша  нақты  шаралар  қабылданды. Яғни, талай жылдан бері түйіні тарқамаған мәселеге нүкте қойылды. Ендігі ретте, ғимарат қайта құрылып, аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көпфункционалды Жастар сарайы болып ел игілігіне қызмет етеді деп жоспарлануда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді