Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана тұрғыны Корей Республикасының азаматын алдап кеткен

Астана тұрғыны Корей Республикасының азаматын алдап кеткен
Фото: pixabay.com

Астана тұрғыны Корей Республикасының азаматын алдап кеткен, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында жас қыздың әлеуметтік желі арқылы елордалық жоғарғы оқу орнының студенті – Корей Республикасының азаматымен танысқаны белігілі болды. Бірнеше күн бірге уақыт өткізген екеуі, таныстықтарын жалғастыру үшін сол жағалаудағы қонақ үйге барған. Жас жігіттің сеніміне кірген қаскүнем телефонының қуаты таусылғанын сылтауратып, одан интернет желісін пайдалану үшін телефонын беруін өтінген. Осылайша жігіттің байқамай тұрғанын пайдаланып, банктің қосымшасы арқылы өзінің шотына ақша аударған. Келесі күні қыз кетіп қалғаннан кейін ақшасының жоғалғанын байқаған жәбірленуші полицияға жүгінген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, жас қыздың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады