Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Балабақшадағы былық: көкөніс екі есе қымбат бағаға жеткізілген

Балабақшадағы былық: көкөніс екі есе қымбат бағаға жеткізілген
Фото: pexels.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында әлеуметтік мекемелерге көкөніс жоғары бағамен жеткізілгенін анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, ШҚО-да ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығына 1 келі сәбіз 325 теңгеден, ал қырыққабат 380 теңгеден жеткізілген. Агенттіктің өңірлік департаменті араласқаннан кейін жеткізу тізбегінен делдал алынып тасталды. Ал көкөніс бағасы 2 есеге төмендетілді (сәбіз 120 теңгеге дейін, қырыққабат 180 теңгеге дейін).

Сондай-ақ СҚО-да жеке кәсіпкер 50 млн теңгеден астам сомаға аудандық балабақшаларға көкөніс сату бизнесін ұйымдастырған. Картоптың бір келісі 250 теңгеден жеткізілген, алайда оның сауда нүктелеріне сату бағасы 43%-ке арзан болған (141 теңгеден).

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша алдағы жылға арналған шарттар қайта қаралды.

Агенттік әлеуметтік азық-түлікті жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасының 15%-інен аспауы керек екенін еске салды.

Достарыңмен бөлісскачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады