Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ер адам патрульдік полиция инспекторына қол көтерген

Астанада ер адам патрульдік полиция инспекторына қол көтерген
Фото: pixabay.com

Елордалық полицейлер қызметтік міндеттерін орындау кезінде билік өкіліне күш көрсеткен 46 жастағы ер адамды қамауға алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“102” арнасына түнде полицияға қала тұрғыны қоңырау шалып, белгісіз біреулердің тұрғын үй кешенінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, алкогольдік ішімдік ішіп отырғанын хабарлаған. Қоңырау желісімен аталған мекенжайға шара қолдану үшін патрульдік полиция бөлімі жіберіліп, тәртіп сақшылары келген кезде ер адам өзін агрессивті ұстай бастаған және құжаттарды көрсетуді сұрағанда, ол қорқыту сөздерін айтуды бастаған. Полицейлер ер адамды тәртіпке шақырған, бірақ ол дөрекі әрекетін жалғастырып, қарсылық көрсетумен полицейдің формасын бүлдіруге дейін барған.

Артынша ол қызметкердің бетінен ұрған. Ер адам полицияға жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы (Билік өкіліне қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Оның бұрын билік өкіліне күш қолданғаны үшін сотталғаны анықталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады