Ср, 14 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Бәйтерек" холдингі мен Huadian энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты күшейтіп жатыр

Фото: "Бәйтерек" холдингі

Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік аясында "Бәйтерек" ұлттық холдингі мен қытайлық Huadian компаниясы энергетика саласындағы ірі жобаларды іске асыруға ниетті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Маңғыстау облысында қуаты 150 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл қондырғы алдағы төрт жылда пайдалануға берілмек. Ол өңірдегі электр энергиясының тапшылығын шешуге көмектеседі. Сонымен қатар Қазақстан өңірлерінде қуаты 600 МВт жел электр станцияларын салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар "Бәйтерек" холдингінің еншілес компаниясы "Qazaqstan Investment Corporation" (QIC) China Huadian Overseas Investment Ltd. компаниясымен энергетика саласындағы инвестициялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасасты.

Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, QIC Басқарма төрағасы Айнұр Қуатова және China Huadian Overseas Investment директорлар кеңесінің төрағасы Цю Тяньгэнь мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді шешуге бағытталған келісімге қол қойды.

Басты мақсат – елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту, энергетика саласына инвестиция салуды жандандыру және шетелдік капиталды тарту.

Келісім шарттарын орындау шеңберінде, мамандандырылған жұмыс тобы құрылмақ. Оның мүшелері ақпарат алмасады және жобалардың тізбесін айқындайды. Сонымен қатар оларға талдау жүргізеді, қажет құжаттаманы әзірлейді. Сонымен бірге тараптар осы саладағы Қазақстан мамандарының кәсіби дағдыларын арттыру үшін бірлескен семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады.

Энергетикадағы мұндай үйлестірілген тәсіл Қазақстанда алғаш рет қолданылмақ және жасыл энергетикаға біртіндеп көшіре отырып, көмірсутекке тәуелділікті азайтуға көмектеседі. Айта кетейік, осындай жобаларды Қытайлық серіктестер өз аумағында сәтті жүзеге асырған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді