Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды

Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Фото: dimashnews.com

3 желтоқсанда Сербияның Белград қаласында «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

1979 жылы елдің ғылыми-технологиялық және шығармашылық әлеуетін қолдау және ілгерілету, жұртшылықты әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру институты ретінде құрылған қор 26-шы рет көрнекті шетелдік тұлғаларға сыйлықтар табыс етті.

«Ағайынды Карич қоры» сыйлығына бұрын әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және өнер қайраткерлері ие болған. Әр жылдары физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Ж. Алферов, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты П. Хандке, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев, кинорежиссер Э. Кустурица, теннисші Н. Джокович, актер С. Сигал, ТҮРКСОЙДЫҢ бұрынғы Бас хатшысы Д. Касеинов марапатқа ие болған.

Биылғы жылы сыйлыққа ұсынылған ерекше тұлғалар арасында Қазақстанның дарынды әртісі Димаш Құдайберген де марапатқа ие болды.

Қордың Директорлар кеңесінің пікірінше, Димаштың айрықша вокалдық деректері, оның классикалық және заманауи стильде орындаудың әртүрлі нысандарын біріктірудің керемет қабілеті, көп жылдық жұмыс пен оқудың нәтижесі ретінде кез келген нотаны орындаудың бірегей мүмкіндіктері әртісті Қазақстан мәдениетінің жарқын өкілі, өз ісінің табысты маманы ретінде атап өтуге мүмкіндік береді.

«Біздің Директорлар кеңесі осындай маңызды әртіс сыйлықтың ізашарларының, осы жолдағы таланттардың алтын сериясының жалғасы болуға лайық екендігімен бірауыздан келіседі, бұл біздің достас елдеріміз арасындағы қарым – қатынасты нығайтады», – деп атап өтті Сербиядағы Қазақстан Республикасының құрметті консулы, ағайынды Карич қорының негізін қалаушы Миланка Карич.

Сербияның орталық мәдени шарасы Серб мәдениеті мен дәстүрін айқындайтын мәдени мұра нысаны – Белградтағы Ұлттық театрда өтті.

Ұлттық театрдың керемет сахнасында Димаш әр түрлі композициялар ұсынды: қазақтың халық әні «Самалтау» және Игорь Крутойдың «Mademoiselle Hyde» шығармасы, осылайша өз шығармашылығының әр түрлі қырларын көрсетті.

Димаш ағайынды Карич қорының құрылтайшылары мен Директорлар кеңесіне иарапатқа лайық деп танығаны үшін алғысын білдірді, халықаралық жобалардың, соның ішінде өнер саласындағы елдер арасындағы достық пен өзара дамуды қолдау мүмкіндіктері ретіндегі маңызды рөлін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді