Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, кеңестің құрылуы ұлттық ғылыми жүйені басқару ісін жетілдіруге және Қазақстанның ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеуге ықпал етеді. Қазақстан президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің құрамы мен ережесі осы жарлықпен бекітілген.
Кеңес құрамына халықаралық деңгейде танылған, ғылыми-зерттеу белсенділігі жоғары, ғылымның басым бағыттарында еңбек ететін академиктер мен ғалымдар енген. Сондай-ақ кеңес құрамына Беркли космологиялық физика орталығының физика және астрофизика профессоры, Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Фицджеральд Смут III (АҚШ), сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын бірқатар отандасымыз кірген.
Бұдан бөлек ғылыми, ғылыми-технологиялық және инновациялық саясатты жүзеге асыруға жауапты үкімет мүшелері кеңес құрамына енген.  Отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың ұлттық кеңеске мүше болуы Қазақстан ғылымын дамытуда перспективті және стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауға оң септігін тигізеді деп күтілуде.   скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді