Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Мектепте бомба бар”: Атырауда жалған хабар берген күдікті психиатриялық станционарға жатқызылды

“Мектепте бомба бар”: Атырауда жалған хабар берген күдікті психиатриялық станционарға жатқызылды
Фото: polisia.kz

Атырауда жалған хабар берген күдікті психиатриялық станционарға жатқызылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау қаласында 27 жастағы қала тұрғыны анасының ұялы телефоны арқылы “102” нөміріне мектептердің бірінде жарылғыш зат орнатылғандығы туралы жалған ақпарат берген.

27 жастағы азаматтың терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламасынан кейін оқиға орнына Атырау облысының полиция департаментінің, Атырау облысы прокуратурасының, ҚР ҰҚК-нің Атырау облысы бойынша департаментінің және Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барып, тексеру барысында ешқандай жарылғыш құралдың жоқтығын анықтаған.

27 жастағы азаматтың анасы заңды өкілі ретінде сот отырысында баласының ауыратынын, оқиға болған күні ауруханадан екпе алып, жай-күйі нашарлағанын айтқан. Сонымен қатар 27 жастағы азаматтың қайда телефон соққанын білмейтінін, бұрын да дәл осындай жағдай болғанын, аталған азаматқа амбулаториялық емдеуді тағайындауды сұраған.

Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сай аталған азамат “Параноидты шизофрения үздіксіз ағын түрі, тұрақты ақаумен” созылмалы психикалық бұзылуымен ауыратыны расталған.

Күдікті ҚР Қылмыстық кодекстің 273-бабында (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті