Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте жалған террорист ұсталды

Шымкентте жалған террорист ұсталды
Фото: polisia.kz

Шымкенттегі дүкендердің біріне “бомба” қойылғаны жайлы хабарлаған террорист ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Наурыз айында полиция департаментінің “102” арнасына белгісіз біреуден қаладағы дүкендердің біріне бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсткен. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы барып, тәртіп сақшылары сауда нүктесіне келушілерді эвакуациялап, аумақты қоршауға алған.

Ғимаратты және оған іргелес аумақты тексеру кезінде ешқандай жарылғыш заттар табылмаған.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша тіркеді.

Сол күні жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтежесінде экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері қоңырау шалушыны анықтады. Алайда, 28 жастағы азамат өз кінәсін мойындамаған. Тергеу барысында күдіктіні дауыс арқылы анықтау үшін екі рет фоноскопиялық сараптама жүргізілді. Сарапшылардың қорытындысы ер адамның қылмысқа қатысы барын растады.

27 шілде күні күдікті процессуалдық тәртіпте қамауға алынды. Қылмыстық істің материалдары сотқа жолдау үшін дайындалып жатыр.

Полицейлер дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау 5000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға алып келетінін ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты