Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздің екі өңірінде телефон террористтері ұсталды

Еліміздің екі өңірінде телефон террористтері ұсталды
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаған күдіктілерді “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

5 қараша кешкі уақытта Қызылорда облысы полиция департаментінің 102 пультіне ұялы телефоннан белгісіз адам қоңырау шалып, кенттердің біріндегі үйлер арасында жарылғыш зат жасырылғанын хабарлады.<!--more-->

Оқиға орнына арнаулы және құқық қорғау органдарының мамандары жұмылдырылды. Техниктер мен кинолог мамандар жүргізген тексеру кезінде жарылғыш заттың жоқ екендігі анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер 39 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Белгілі болғандай, ер адам анасымен жанжалдасып, анасы үйінен кетіп қалған. Оны қайтару үшін күдікті мас күйде полицияға қоңырау шалып, бомба туралы жалған хабар берген.

Павлодар облысында да осыған ұқсас жағдай болды.

6 қараша таңғы уақытта Павлодар облысы полиция департаментінің 102 пультіне қала тұрғындарының бірі қоңырау шалып, облыс орталығындағы үйлердің біріне бомба қойылғанын айтқан.

Ақпарат расталмады. Тәртіп сақшылары 28 жастағы күдіктіні тез арада анықтап, құрықтады.

Ер адам мас күйде болғаны белгілі болды.

Екі факті бойынша да Қылмыстық кодекстің 273-бабымен қылмыстық іс қозғалды (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау). Тергеу жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді