Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көкшетаулық полицейлер зейнеткерді алдамақ болған дропперді ұстады

Көкшетаулық полицейлер зейнеткерді алдамақ болған дропперді ұстады
Фото: polisia.kz

Көкшетаулық полицейлер зейнеткерді алдамақ болған дропперді ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Сіздің келініңіз баласымен бірге жол көлік апатына ұшырады” деп 88 жастағы Көкшетау тұрғынының телефонына жалған полиция қызметкерінен қоңырау түсті. Өзін Виктор Федорович деп таныстырған полиция қызметкері қобалжыған әжеге оның кішкентай шөбересімен бірге келіні апаттың құрбаны болғанын және медициналық көмек көрсету үшін 5 млн теңге көлемінде ақша қажет екенін айтқан.

88 жастағы зейнеткердің мұндай ақшасы болмағасын, оған алаяқ туыстарынан қарызға алуды ұсынады. Үлкен сенімділік үшін ақмолалық әйелге алаяқтың сыбайласы қоңырау шалып, шөбересі ауыр халде екенін жылап айтты. Қобалжыған және үрейленген әже алаяқтарға қолда бар 2 млн теңгені беруді ұсынды.

Үйге ақша алу үшін жәбірленушіге жеткізуші немесе дроппер келді. Руслан есімді Виктор Федоровичтің орынбасары болып танысқан ер адам зейнеткерден қолма-қол ақша салынған целлофан пакетін алып, қашып кетті. Кейіннен ол алаяқтар көрсеткен шотқа 1,8 млн теңге аударып, 200 мың теңгесін сыйақы ретінде қалдырды.

Полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеді.

Күдіктілерді ұстау мақсатында Көкшетау қаласының криминалдық полиция қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, зейнеткердің тұрғылықты жерінде орнатылған жедел басқару орталығының бейнекамераларының жазбаларын қарады, такси фирмаларының жүргізушілері мен үй тұрғындарынан жауап алды.

26 қарашада қабылданған шаралардың нәтижесінде дроппердің жеке басы анықталды, ол Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

Әңгіме барысында ер адам жеткізуші жұмысын мобильді қосымшадан тапқанын айтты, ал шарттар оған өте қарапайым болып көрінді: бір мекен-жайдан ақша алып, содан кейін жақын жердегі банкомат арқылы көрсетілген шотқа аудару. Ұсталған адамда мұндай әрекеттердің заңдылығы туралы мәселе туындаған, алайда куратор жұмыстың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізіліп жатқанына және бәрі “таза” екеніне сендірді.

Бір қызығы, жұмыс беруші оған қарт адамнан ақша алу керек екенін айтқан және вирустардан қорғану үшін медициналық маска киюін сұрады. Шындығында, әже курьердің бетін есте сақтай алмауы үшін маска қажет болған.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді