Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші екі есе төмендеді

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші екі есе төмендеді
Фото: gov.kz

Қазақстан БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі туберкулез жөніндегі кеңесінің саяси декларациясына қосылған және 2035 жылға қарай эпидемия ретінде туберкулезді жоюға бағытталған END TB стратегиясын іске асыратын ел ретінде өз міндеттемелерін орындайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Қазақстанда туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің тиімділігі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады және сезімтал  тубкркулезбен алғаш анықталған науқастардың арасында ол 88,2%-ды (ДДҰ стандарты – кемінде 85%)  және дәріге көнбейтін туберкулезбен 80,2%-ды (ДДҰ стандарты – 2025 жылға қарай 80% дейін) құрады.

Соңғы 5 жылдың ішінде елімізде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайда елеулі оң өзгерістер байқалады.

Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2018 жылы 81,7-ден 2022 жылы 100 мың халыққа шаққанда 36,5-ке дейін төмендеді, бұл 55,3%-ды  және өлім-жітім-2018 жылы 7,4-тен 2022 жылы 1,6-ға дейін төмендеді, бұл 78,4%-ды құрайды.

2023 жылдың 8 айындағы көрсеткіштерді талдау кезінде туберкулезбен сырқаттанушылықтың 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға төмендеуі байқалады және 100 мың халыққа шаққанда 35,6-ны құрайды, сондай-ақ өлім-жітімнің 20%-ға төмендеуі байқалады, бұл 100 мың халыққа шаққанда 1,2-ді құрайды.

Бұл факт ҚР бойынша эпидемиологиялық жағдайдың көпжылдық тұрақтанғанын  көрсетеді. Көптеген дәріге көнбейтін туберкулезді емдеу мерзімі қысқарады.

ДДҰ қысқа мерзімді емдеуді ұсынады (24 айдың орнына 9-12 айлық емдеу). Туберкулезге қарсы жаңа тиімді препараттар (бедаквилин, деламанид) кең дәріге көнбейтін КДК TБ және TБ емдеуде қолданылады. Препараттарды амбулаториялық қабылдау кезінде ұялы телефондар, планшеттер және мобилдік қосымшалар (бейнебақыланатын емдеу) арқылы аурудың ағымын бақылаудың жаңа технологиялары қолданылады. ҚР заңнамасына сәйкес туберкулезбен ауыратын пациенттерге психикалық-әлеуметтік қолдау көрсетіледі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша амбулаториялық ем алатын пациенттердің 95%-дан астамы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды.

END TB стратегиясының барлық міндеттемелерін барынша орындау үшін Қазақстан "Қазақстанда ТБ тоқтатайық" Ұлттық әріптестігін дамытады, қоғамның барлық құрылымдарын, оның ішінде ҮЕҰ-ны туберкулездің ауыртпалығын төмендету жөніндегі іс-шараларға тартады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді