Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысындағы Алатау қаласы Қазақстандағы үлгілі шаһарға айналады

Алматы облысындағы Алатау қаласы Қазақстандағы үлгілі шаһарға айналады
Фото: primeminister.kz

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы облысында Алматы және Қонаев қалаларының арасында Алатау шаһарының (G4 City) құрылысы жобасын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Орталық мемлекеттік органдардың және өңір әкімдігі басшыларының қатысуымен қаланы дамыту тәсілдері қаралды. Жоспарға сәйкес ол отандық және шетелдік инвестицияларды тарта отырып, жаһандық стандарттар бойынша жұмыс істейтін Халықаралық бизнес-хабқа айналуы тиіс. Бұл ретте Дубай, Сингапур, Тяньцзинь және т.б. сияқты әлемнің әйгілі орталықтарын құру тәжірибесі негізге алынбақ.

Атап айтқанда, Алатау қаласын дамыту Қытаймен және Орталық Азия елдерімен сауда және инвестициялық өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға, бірқатар жаңа өндірістік және коммерциялық жобаны іске қосуға, түрлі салаларда озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта инвестициялар тарту және кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалып, ынталандыру шаралары көзделетін болады. Бұл соның ішінде салық және кедендік артықшылықтарға да қатысты.

Сонымен қатар Алатау қаласының аумағында ерекше құқықтық режимді, оның ішінде АХҚО құқығын енгізу мүмкіндігі қаралатын болады.

Премьер-Министр іске асыру кезінде халықаралық тәжірибені ескеріп, тиімділігі жоғары шараларды қолдану қажеттігін атап өтті.

Бұдан басқа бизнеспен өзара іс-қимыл кезінде, атап айтқанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы қажетті инфрақұрылым құрылысын жандандыру қажеттігі айтылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді