Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысында жеке сот орындаушылар қайтыс болған азаматтардан қарыздарын өндіріп келген

Қостанай облысында жеке сот орындаушылар қайтыс болған азаматтардан қарыздарын өндіріп келген
Фото: pixabay.com

Қостанай облысының прокуратурасы қайтыс болған борышкерлер мен өндіріп алушыларға қатысты атқарушылық іс жүргізу бойынша сот орындаушыларының шара қолданбау фактілерін анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңға сәйкес, егер құқықтық қатынастар мұрагерлікке жол берсе, сот орындаушысы өндіріп алушы қайтыс болған жағдайда бір жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті (42-бап 1-тармақша).

Бұл жағдайда өндіріп алушының құқықтық мирасқоры анықталғанға дейін атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.

Егер өндіріп алушы немесе борышкер болған азамат қайтыс болғаннан кейін шешімде белгіленген талаптар немесе міндеттер қайтыс болған адамның құқықтық мирасқорына ауыса алмаса, онда атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады.

Талдау барысында прокуратура келесіні анықтады

- қайтыс болған борышкерлерден алимент өндіріп алу туралы 33 іс тоқтатылған жоқ;

- қайтыс болған 13 алимент өндіріп алушыға қатысты өндіріп алушыны ауыстыру туралы мәселе шешілмеген (оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылық белгіленгеннен кейін);

- қайтыс болған борышкерлерге қатысты жалпы сомасы 5 млн. теңгеден асатын әкімшілік айыппұлдар бойынша 264 іс тоқтатылған жоқ;

- мемлекет кірісіне 4,6 млн. теңге өндіріп алу туралы 94 іс тоқтатылған жоқ.

Заңды сақтамау нәтижесінде қайтыс болған 390-нан астам азамат борышкер борышкер болып қала береді.

Осы факт бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. Қадағалау актісі қаралу кезінде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді