Петропавл соты қарияны ұлының кәмелетке толмаған балаларына ай сайын алимент төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды kazlenta.kz СҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің Facebook-тегі жазбасына сілтеме жасап.
2021 жылғы 1 маусымдағы сот қаулысымен К.Т.Е.-дан К.А.Х.-ның пайдасына айлық жалақысының және/немесе өзге де табысының 1/3 бөлігі мөлшерінде кәмелетке толмаған балаларға алимент өндірілгені хабарланды. Бірақ азамат К.Т.Е өз міндеттерін орындамаған. Нәтижесінде 3,7 млн теңге қарыз пайда болды. Ал "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 152-бабына (Аталар мен әжелердің немерелерді асырау жөніндегі міндеттері) сәйкес, көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған немерелері, егер олардың қабілетті адамдарынан алимент алу мүмкін болмаса, ата-анасы, кәмелетке толған еңбекке жарамды туған аға-інілері мен апа-сіңлілері бұл үшін қажетті қаражаты бар ата-әжесінен сот тәртібімен алимент алуға құқылы.
Өндіріп алушы борышкердің (атасының) әкесінен немерелерін асырап-бағуға алимент төлемдерін өндіріп алу туралы берген талап Петропавл қаласының 2022 жылғы 3 наурыздағы №2 сотының шешімімен қанағаттандырылды, оның негізінде 2022 жылғы 28 қарашада атқарушылық іс жүргізу қозғалды. Алимент атасының зейнетақысынан ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш (30 630 теңге) мөлшерінде өндіріледі. Бұл бағыттағы жұмыс Облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында. Бұл ретте бұл бағыттағы жұмыстар облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысында алименттік төлемдерді тиісті түрде төлемейтін 101 адам бар. Олардың жалпы қарызы 184,3 млн теңгені құрайды. Ал облыс бойынша 10,4 мың кәмелетке толмаған бала алимент алады.
26-12-2022, 14:36
Петропавлда қария немерелеріне алимент төлейтін болды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз