Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шетелде Шымкенттің туристік потенциалы презентацияланды

Шетелде Шымкенттің туристік потенциалы презентацияланды
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласына келуші туристердің қызығушылығы мен  ағынын арттыру және туристік өнімді жарнамалау мақсатында Қытайдың Бейжің қаласында үлкен презентациялық шара өтті. «Road Show» туристік бизнес өкілдері үшін ұйымдастырылған ақпараттық көрмеде үшінші мегаполистің туристік потенциялы таныстырылды.

«Road Show»-ға әртүрлі туристік компаниялар мен авиакомпаниялардың 40-тан астам өкілдері қатысты. Оларға  табиғи пейзаждар мен Шымкенттің көрікті жерлері бейнеленген арнайы бейнероликтер көрсетіліп, ұлттық тағамдардан гастрономиялық дәм тату сәті де қарастырылды. Сан алуан тағамдары, қолайлы климаты мен ерекше қонақжайлылық атмосфера шара барысында барынша жоғары деңгейде көрсетілді. Бұл ретте, екі елдің халықтары үшін байланыстырушы буын болған ежелгі «Жібек жолы» заманынан бері қалыптасқан Қазақстан мен Қытайдың тарихи байланысын атап өткен жөн. Шымкент қаласы да дәл осы тарихи жолдың бойында орналасқан бірегей шаһар.Қатысушылар қызығушылық танытқан қаламызға келеміз деушілер қатары көп болды. 

Мамандар мәліметінше, биылғы жылдың алты айында Шымкентке 215 098 турист келген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіштерді 400 мың адамға арттыру жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, жақында Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енді. Бұл виза талаптарынан босатылған екі ел азаматтарының туристік сапарларының артуына серпін береді. Тұсаукесер  барысында туризм саласының өкілдері арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады