Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте санаулы айда шетелдік туристер саны 36 мыңға жетті

Шымкентте санаулы айда шетелдік туристер саны 36 мыңға жетті
Фото: pixabay.com

Президент Қасым Жомарт Тоқаев туризмді дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған байланысты, еліміздің әр аймағында, әсіресе халық көп шоғырланған мегаполистерде кешенді шаралар қолға алына бастады. 

Статистикаға сүйенетін болсақ, Шымкентке келетін туристер саны жыл сайын артып жатыр. Қаланың жайлы климаты, қолжетімді бағасы мен қызмет көрсету сапасы көпшілікті қызықтырады. Қазақстандағы этно және эко туризмнің орталығы десек те артық айтқандық емес.Келген қонақтар санын азаматтардың орналасу орны бойынша есептейді. Бүгінде келуші қонақтарды есепке алатын,  шетелдік туристерге ғана арналған e-qonaq жүйесі жұмыс істеп тұр. 

Соңғы 10 айлық көрсеткішке қарасақ, шетелдік туристер саны 36 мыңға жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе жоғары көрсеткіш. Қазір қалада 29 тікелей бағыттағы ішкі рейстер, 7 тұрақты және 23 чартерлік халықаралық рейстер бар. Қаланың стратегиялық орналасуына байланысты көптеген трансшекаралық туристік маршруттар Шымкентті өз бағытының негізгі нүктесі ретінде таңдайды. 

«Visit Shymkent» туристік-ақпарат орталығының басшысы   Ерлан Омаровтың айтуынша, қала аумағында туристердің қауіпсіздігі, жайлылығы үшін, түрлі төтенше, оқыс жағдайлардың алдын алу үшін қазір тиісті жобалар қолға алынып жатыр.Мегаполисте  «Туристік полиция» жобасы қолға алынған. Тарихи-танымдық жерлерді таныстыратын гид-экскурсоводтар біліктілігі де ұдайы арттырылып отырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты