Ақмола облысында жұмысының өліміне байланысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға қарашаның 18-де Аршалы ауданында болған.
Белгілі болғандай, құрылыс нысанында жұмыс істеп жүрген 57 жастағы астаналық
4 метр биіктіктен құлап, көз жұмған.
- Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруде, - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында егін орағы кезінде комбайншы қаза тапқанын жазған едік.