Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте бомба туралы жалған хабар таратқан ер адам түрмеге тоғытылды

Шымкентте бомба туралы жалған хабар таратқан ер адам түрмеге тоғытылды
Фото: polisia.kz

Шымкентте бомба туралы жалған хабар таратқан ер адам түрмеге тоғытылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның “102” арнасына қаладағы дәмханалардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Хабарламаны алған полицейлер дереу оқиға орнына барған. Құқық қорғау органдары мүдделі қызметтермен бірге ғимараттан барлық келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялады. Тексеру нәтижесінде қоғамдық тамақтану мекемесінен жарылғыш зат табылмаған.

Тергеушілер жалған терроризм жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Жедел-іздестіру шаралары барысында қалалық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері бомба туралы хабарлаған ер адамды анықтап, ұстады. Ол 49 жастағы Түркістан облысының тумасы болып шықты.

Сотта азамат ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қауіпті қылмыс қатарына жататынын және 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға, не 5 жылға бас бостандығынан айыруға немесе шектеуге әкеп соғатынын ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты