Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Ақша, әйтпесе жарамын!”: қарағандылық полицейлер кәмелетке толмаған жалған террористті ұстады

“Ақша, әйтпесе жарамын!”: қарағандылық полицейлер кәмелетке толмаған жалған террористті ұстады
Фото: pixabay.com

Танысымен жанжалдасып қалған мектеп оқушысы оның атынан жалған хабарлама жіберген. “City Mall” сауда орталығында бомба жасырылды деген жазба облыстық әкімдіктің электронды поштасына түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Хатта қыз таныс құрбысының нөмірін жазып, бомбаны жармау үшін төлем талап еткен.

Оқиға орнына дереу жеткен шұғыл қызмет өкілдері сауда үйінен 200-ден астам адамды эвакуациялап, ғимаратта тексеру жұмыстарын жүргізді. Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қарағандылық жедел уәкілдер хабарламада көрсетілген абоненттік нөмірдің иесін – 14 жасар қызды анықтады.

Алайда одан әрі тексеру барысында хабарламаны онымен жанжалдасып қалған құрбысының жібергені анықталды.

Осыған ұқсас жайт Петропавлда болды.

102 пультіне “Dostyq Mall” сауда-ойын-сауық орталығында бомба жасырылғаны туралы хабар келіп түсті.

Тез арада барлық қажетті шаралар қабылданды. Сауда орталығына келушілер мен жұмысшылар эвакуацияланды, оқиға орнына полиция, төтенше жағдайлар және басқа да мүдделі қызметтердің қызметкерлері келді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер кәмелетке толмаған қала тұрғынын анықтады. Медициналық куәландыруға сәйкес 16 жастағы жасөспірім мас күйде болған.

Бұл фактілер ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша тіркелді (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау). Тергеу барысында екі жасөспірімнің де заңды өкілдерінің заң аясындағы жауапкершілігі қаралады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты