Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті

Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жарыста Қазақстан атынан пара пауэрлифтинг, бочча, пара жеңіл атлетика, пара велоспорт, академиялық ескек есу, пара дзюдо, отырып ойнайтын волейбол, пара үстел теннисі, шахмат, пара оқ ату, пара садақ ату, пара таеквондо, пара жүзу және пара каноэ сияқты 14 спорт түрінен 131 спортшы қатысты. Нәтижесінде ел құрамасы 41 медаль жеңіп алды, оның ішінде 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медаль иеленді. Медаль саны бойынша Қазақстан 44 қатысушы ел арасында 11-ші орынға көтерілді.

Кездесу барысында Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқып, қазақстандық паралимпиада ойыншыларын өткен Пара ойындарындағы жарқын жеңістерімен құттықтады.

«Сіздердің бойларыңыздағы жанқиярлық рух пен жеңіске деген құштарлық миллиондаған адамдарды өмірдегі қиындықтарды еңсеруге және табысқа жетелейді. Сіздердің керемет спорттық өнерлеріңіз адамның ерік-жігерінің шексіз екенін паш етті. Сіздердің әрқайсыларыңыздың өмір жолдарыңыз – өскелең ұрпақ үшін шеберліктің, батылдықтың, сондай-ақ табандылықтың үлгісі. Онсыз, әрине жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес», — деді Премьер-Министр.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, жетістікке жету жолында паралимпиадашыларға қолдау көрсеткен тәлімгерлер мен жаттықтырушылар да ерекше құрметке лайық.

«Сіздер табысқа жету жолында талмай күрестіңіздер. Азия Пара ойындарындағы бүгінгі жеңістер — болашақ Паралимпиада жетістіктері үшін маңызды қадам», — деді ол.

Үкімет басшысымен кездесуге құрлықтық жарыстардың жеңімпаздары Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг), Нұрдәулет Жұмағали және Диас Кенжебек (пара жүзу), Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей және Олжас Оразалыұлы (пара дзюдо), Дастан Мұқашбеков (жеңіл атлетика) қатысты.

Азия рекордшысы Нұрдәулет Жұмағали мұндай ірі жарыс алаңында өнер көрсету әрқашан үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

«Жаттығу барысында біз барлық тапсырмаларды бұлжытпай орындадық. Жарыс алдында дайындығымыз жоғары деңгейде өтті. Азия Пара ойындарында бүкіл қазақ елінің қолдауын ерекше сезіндім. Барлық спортшылардың атынан, Қазақстан халқына зор алғысымды білдіремін. Алдағы Паралимпиада ойындарында еліміздің әнұранын шырқыратуға бар күшімізді саламыз», — деді ол.

Пара дзюдошы Ақмарал Науатбек Азия Пара ойындары қазақстандық спортшылар үшін Паралимпиада алдындағы үлкен сынақ болғанын атап өтті.

«Біздің жетістігіміз – барлық жаттықтырушылар мен медицина қызметкерлерінің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Барлық спортшылардың атынан алдағы Паралимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалып, елімізді жақсы жетістіктермен қуантамыз деп толық сеніммен айтамын», — деді ол.

Кездесу барысында Әлихан Смайылов Азия Пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған жаттықтырушыларға Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын табыс етті. Қазақстанның Паралимпиадалық дзюдо федерациясы да Президенттің алғыс хатымен марапатталды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты