"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері растады.
"Соталды тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.